Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Ибулла Серді қатысты.

Инвестициялық жобаға сәйкес 4 аудан орталығында (Арал, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттері) және Байқоңыр қаласында 5 АГТС және ауыл-қалаішілік газ құбырлары желілері салынатын болады. Жобаның жалпы құны 23 млрд. теңгеден астам және Қызылорда өңірін газдандырудың Бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру шеңберінде шамамен 1439 км газ құбырын, 81 бірлік газ тарату пунктін, 258 шкафты пункт салу жоспарланып отыр. Өңір халқының 190 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтылады деп ұйғарылуда.

Қалаішілік, кентішілік және көше газ құбырларын салу жобасын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырады.

Қосылатын елді мекендер үшін ресурстық база көзі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы келетін газ болмақ, оның өткізу қабілеті 2015 жылдан бастап жылына 10 млрд. м3 құрайтын болады.

Жобаны іске асыру облысты газдандыру деңгейін арттыруға, жақын жердегі кенттерді одан әрі газдандыру үшін қажетті инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірдің инвестициялық тартымдылығы және газдандырылатын қалалар мен елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық әлеуеті артады, ең бастысы тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарады. МГҚ трассасы өтетін елді мекендерден тартылатын жұмысшылар еңбек ететін 500-ге тарта жұмыс орны құрылатын болады.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Баспасөз қызметі 

Тел: 8-(7172)-55 23 16