Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобын одан әрі дамытудың - «Газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» атты стратегиялық жоспарын әзірледі және бекітті.
«ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамында және мұнай-газ секторындағы отандық кәсіпорындардың арасында осындай стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыратын алғашқы компания болып отыр.
Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың стратегиялық бағдарламасында көрсетілген барлық қадамдар, жаңа бағыт-бағдарлар ғана емес, сонымен қатар ҚазТрансГаз компаниялар тобы жүзеге асырып отырған нақты іс-қимылдардан жасақталған. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 нақты қадамы шеңберінде компания қызметінен мемлекет үшін барынша пайда келтіруге мүмкіндік береді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның стратегиялық бағдарламасы мынадай алты негізгі блоктан тұрады:
- 1. Кадр саясатын және әлеуметтік саясатты жетілдіру
- 2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
- 3. Индустрияландыру және экономикалық өсу
- 4. Инновациялық даму және прогрессивті техникалық саясат
- 5. Ресурстық базаны ұлғайту
- 6. Басқару жүйесін және бизнес-процестерді жетілдіру
Жоспарды іске асырудың басты мақсаттары – сұйытылған газ нарығы саласын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы газ секторының Ұлттық операторы болу, компанияның кредиттік және инвестициялық рейтингін жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан Үкіметі мақұлдаған елімізді газдандырудың Бас сызбасын табысты іске асыру «ҚазТрансГаз» АҚ-ның басым міндеттерінің бірі болып қала береді.
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіру, өңдеу, тасымалдау және газ өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Баспасөз қызметі Тел: 8-(7172)-55 23 16