«ҚазТрансГаз» АҚ Вьетнамның жетекші мұнай-газ компаниясы - «Петровьетнам» Корпорациясының технологиялары мен тәжірибесін тарта отырып, меншікті газ ресурстық базасын дамытуды жоспарлап отыр.
«ҚазТрансГаз» АҚ мен «Петровьетнам» Корпорациясы арасындағы қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның мәні тараптардың Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек ресурстарын барлауға, әзірлеуге және өндіруге бірлесіп қатысу бойынша ынтымақтастық орнатуы мен дамытуы болып табылады. Бірлескен жұмыс процесінде тараптар одан арғы ынтымақтастық үшін негіз ретінде перспективалы деп санайтын әлеуетті жоба айқындалатын болады.
"ҚазТрансГаз" АҚ– Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және газды қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Тел: 8-(7172)-55 23 16