Ардагерлерге атаулы материалдық көмек, азық-түлік себеттері, сыйлықтар берілді. Бұдан басқа, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері газ тұтынушы ардагерлердің дербес шоттарына жалпы сомасы 21 000 000 (жиырма бір миллион) теңге сомасындағы бір күндік жалақыларын аударды. Осылайша, барлық өңірлердегі ардагерлер шамамен 700 м3 табиғи газға ақы төлеуден босатылды.
«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде барлығы жалпы сомасы 27 000 000 (жиырма жеті миллион) теңгеден астам жеке ақшалай қаражат жіберді.
Компаниялар тобы өкілдік ететін қалаларда қызметкерлер Мәңгілік алауға гүл қойып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған солдаттарды құрметпен еске алды.
9 мамыр – бүкілхалықтық мақтаныш пен бүкілхалықтық еске сақтау күні, Отанға деген сүйіспеншілік жолындағы шексіз батылдық, қажырлылық, сенім мен шыдамдылық белгісі. Қазақстан азаматтарының жаңа ұрпақтары біздің құрметті ардагерлеріміз 45-ші жылы Рейхстагқа тіккен, өмір бойы лайықты алып келе жатқан Жеңіс туына әрқашан бас иетін болады. Біз олардың алдында өтеусіз борыштармыз. Олардың сенімдері мен күш-жігерлері біз үшін әрдайым патриоттықтың жоғары өлшемі болып қала бермек!