Бүгін ҚазТрансГаз сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу кезінде «Батыс Сұлтанқұдық» құрылымында келешегі бар геологиялық қорды тапты. Алдын ала геологиялық барлау есептері бойынша ғана, көмірсутек шикізатының қоры 32,7 млрд. текше метрді құрайды, ал алынатын қор 24,5 млрд. текше метр.

«Батыс Сұлтанқұдық» құрылымы «Амангелді Газ» ЖШС-ның Барханды-Сұлтанқұдық зерттеулерінің келісімшарттық ауданының құрамына кіреді, ол Шу-Сарысу депрессиясының оңтүстік шығыс бөлігіндегі Мойынқұм ойпатында орналасқан.

Амангелді тобының газ кен орындарын одан әрі дамыту табиғи газ және газ конденсатын өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа газ кен орнын табу үлкен экономикалық әсер береді және Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне берілетін газ импортын азайтуға мүмкіндік береді.

 "ҚазТрансГаз" – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газды өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

"ҚазТрансГаз" АҚ-ның Баспасөз-қызметі
Тел: 8-7172-552316