Акция шеңберінде балаларға жалпы сомасы 2 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Бұл қаражатқа дамытушы кітаптар мен ойындар, шығармашылыққа арналған жиынтықтар, сондай-ақ спорттық керек-жарақтар сатып алынды.

«Қажетті көмек көрсетіп, балалар жүрегін бақытқа бөлеу – біздің қайырымдылық қызметіміздің басты мақсаты, міне, осы. Біздің компаниямыздың қолдан келер көмегі расында шынайы көмек болады деп сенемін», - деді «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали.

Жыл басынан бері «ҚазТрансГаз» АҚ барлығы 300 миллион теңгеден астам сомаға, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, газ саласының ардагерлеріне 13 миллион теңгеге демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетті. «ҚазТрансГаз» АҚ қазақстандық спортшыларды қолдауға жыл сайын шамамен 100 миллион теңге бөледі.

Компанияның жоспарында – Қазақстанда балалар үйлеріне көмек көрсету жөніндегі қайырымдылық қызметті одан әрі ұйымдастыру және кеңейту.

«ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелендіру үшін құрылған және онда газды барлау, өндіру, тасымалдау және тарату кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалған. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті

Тел: 8-(7172)-55 23 16