«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасының іске асырылу барысын тексерді.

Жаңа газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталды. Технологиялық құбыр мен жабдықтың беріктігі мен герметикалығына гидравликалық сынақтар жүргізілді.

Қазіргі уақытта «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқант», «Қойлық», «Қабанбай» және «Үшарал» сияқты алты автоматты газ тарату станциясының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Бұл ретте 4 АГТС: «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқант» және «Үшарал» қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылатын беріктік пен герметикалыққа сынақтан сәтті өтті.

Құрылысқа барлығы 126 арнайы техника мен 288 жұмысшы персонал жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда станциялардың дайындығы 74% құрайды. Құрылыс жұмыстары ерекше бақылауда және кестеден озып келеді.                          

«Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын пайдалануға беру ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған.


Анықтама

Жобаның технологиялық схемасына сәйкес, газ құбырының жалпы ұзындығы 302,441 км құрайды, жобалық қысымы Рр=9,8 МПа. Жобада сондай-ақ 6 газ құбыр-бұрымы мен 6 автоматты газ тарату станциясының құрылысы қарастырылған.              Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жаңа газ құбырының құрылысы 2024 жылдың тамыз айында Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде басталды. 134 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқант, Алакөл аудандарының 66 елді мекені табиғи газға қол жеткізе алады. Қосымша оң нәтиже іскерлік белсенділіктің өсуі, жаңа жұмыс орындарын құрумен шағын және орта бизнесті дамыту түрінде болады.