Бүгін Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауында алға қойған міндеттерді іске асыру мақсатында құрамында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының газ тасымалы және маркетингі жөніндегі орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев бар Вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен үкіметтік делегацияның жұмыс сапары жалғасын тапты. Делегация Алматы және Қостанай облыстарына барып, облыстардағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сапар барысында еңбек ұжымдарымен кездесу ұйымдастырылып, кеңес өтті.

Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев кеңеске қатысушыларға өңірлердің әкімдері мен кәсіпорын басшыларының арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумдар жасасу жөнінде республика бойынша кең ауқымды жұмыс басталғанын хабарлады.

Алматы облысында өткен кеңестің қорытындылары бойынша облыс әкімдігі, ұлттық компаниялар және жергілікті тауар өндірушілер арасындағы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойылды, олар қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «КЕГОК» АҚ да бар. Қол қойылған меморандумдардың жалпы сомасы 22.6 млрд. теңгеден астамды құрайды.

Қостанай облысында әкімдік пен «Қазақтелеком» АҚ, «КЕГОК» АҚ ұлттық компаниялары арасында 68 млн. теңгеден астам сомаға жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел.552316