«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алау мемориалын табиғи газға қосты. Мәңгілік алау 1975 жылы мемориалдық кешен ашылған кезде тұтанған болатын.

Бүгінгі күнге дейін Мәңгілік алаудың жанып тұруы үшін сұйытылған газ пайдаланылып келді, енді «QazaqGaz Aimaq» АҚ табиғи газды қосу арқылы ескерткіштегі алаудың үздіксіз, тұрақты жануын қамтамасыз етті.

Іс-шаралар аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ мамандары мемориалдық кешеннің газ жабдығына жөндеу және реконструкция жұмыстарын жүргізді, газ құбырын жеткізді, желге төзімді тұтандырғыш газ жанарғысын, жерде тұйықталатын катодты қорғау станциясын, газ құбырында трассалық іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған кабель-спутнигін орнатты, газ құрылғыларын тазалап, ауыстырды.