Италияда (Рим қ.) “QazaqGazдың ғылыми-техникалық орталығы” мен Nuovo Pignone International S.r.L, Baker Hughes арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында «QazaqGaz ҒТО» ЖШС бас директоры Мейір Шералы мен Baker Hughes компаниясының еншілес Nuovo Pignone International S.r.L кәсіпорнының президенті Паоло Ноччиони келісімге қол қойды.
Тараптар «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының энергетика және газ тасымалдау саласындағы техникалық мамандарын даярлау, олардың Baker Hughes өндіріс орындарына біліктілігін жетілдіру бағытында ынтымақтастықты арттыруға ниетті.
Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы «QazaqGaz ҒТО» оқу алаңы базасында газ айдау қондырғылары мен басқару жүйелері, соның ішінде деректерді талдау және дірілді бақылау жүйесінде жергілікті техникалық мамандарды оқытуда әріптестікті дамыту жоспарлануда.
Осылайша, «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниясы Италиядағы Baker Hughes университетінде жүргізілетін Next Leader Program және Senior Leader Programбағдарламалары бойынша алдағы бес жылда оқуға үміткерлерді ұсынады.
Озық тәжірибені зерделей отырып, біліктілікті арттыруды Флоренциядағы Baker Hughes университетінде немесе «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының өндірісалаңдарында офлайн және онлайн форматтағы дәрістер, семинарлар арқылы ұйымдастыруға болады.
Бұған дейін QazaqGaz қызметкерлері мұнай-газ саласы қызметкерлері арасындағы халықаралық конкурстық іріктеудің нәтижесінде Baker Hughes университетінде (Италия) оқуға мүмкіндік алғанын хабарлаған едік. Байқау қорытындысы бойынша «QazaqGaz Барлау және өндіру» ЖШС бас директорының экономика қаржы бойынша орынбасары Дархан Қалменов, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары Салават Агишев Baker Hughesуниверситетінде тағылымдамадан өтеді.
Baker Hughes University директоры Барбара Дель Саланың айтуынша, QazaqGaz-дың Baker Hughes университетіне қызығушылығы екі компания арасындағы сенім мен тығыз ынтымақтастықты көрсетеді.
19 жылда Флоренциядағы университет отандық мұнай-газ саласы үшін ондаған маманды даярлады. Құрылғаннан бері мұнай-газ саласында ондаған қазақстандық мамандар дайындалды. Университеттің басты мақсаты – білім алмасуға негізделген жаһандық, көп мәдениетті желінің бір бөлігі болу мүмкіндігін ұсына отырып, энергетика саласындағы көшбасшыларды дамыту.