«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның HSE қызметінің басшысы Алтай Джакубалиев «Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіндегі декарбонизация: ағымдағы үрдістер мен перспективалар» атты конференциясына қатысты. Іс-шара 21 маусымда Ақтау қаласында өтіп, төмен көміртекті даму мен жаңа энергия көздеріне көшудің өзекті мәселелерін, мұнай-газ секторы үшін әлеуетті сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылау үшін келіссөздер алаңы болды. Конференцияны «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның, Bureau Veritas және т.б. қолдауымен Petrocouncil Мұнай-газ кеңесі ұйымдастырды.
Панельдік сессия аясында HSE қызметінің басшысы QazaqGaz-дың орнықты даму қағидаттары мен энергиялық ауысудағы газ саласының рөлі туралы айтып берді.
«Декарбонизация – бұл компанияның IPO-ға шығуы, халықаралық ESG - рейтингін және CDP климаттық рейтингін растау жолындағы маңызды қадам», - деп атап өтті Алтай Джакубалиев өз сөзінде.
QazaqGaz-дың Даму стратегиясына сәйкес, 2032 жылға дейін компания көміртегі ізін 10-12%-ға төмендетуді жоспарлап отыр. Сарапшылардың пікірінше, шығарындыларды мұндай төмендету қысқа мерзімді перспективада газды тұтынудың өсуі жағдайында айтарлықтай үлкен мақсат болып табылады.
«Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің ұлттық стратегиясына сәйкес, газ көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын ауыстыру кезінде өтпелі отын ретінде әрекет етеді, яғни дәл осы кезеңде кәсіпорындардың көмірден газға ауысуы жоспарлануда, бұл сөзсіз газдандырудың өсуімен бірге көміртегі ізінің өсуіне әкеледі", – деп қосты ол.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ метан бойынша Жаһандық бастамаға (Global Methane Pledge) қосылу жұмысын жүргізуде. Оның ішінде, «Азиялық Газ құбыры» ЖШС-ның газ объектілерінде норвегиялық Carbon Limits компаниясының метан шығарындыларын түгендеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты – ағымдағы жағдайды бағалау және шығарындыларды азайтудың ықтимал мүмкіндіктерін талдау.
Компанияның алдағы жоспарларына, сондай-ақ төмен көміртекті даму бағдарламасын әзірлеу кіреді, оған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның төмен көміртекті даму тұжырымдамасына сәйкес, көміртегі ізін азайту жөніндегі іс-шаралар кіретін болады.