QazaqGaz адами капиталды дамытып, газ саласының білікті мамандарын даярлауға аса көңіл бөледі. Осы орайда Ұлттық компания кадрлық резервті қалыптастыруды жалғастыруда.
Қызметкерлер пулын қалыптастыру кезінде қызметкерлердің білімі, жалпы жұмыс өтілі (кемінде 10 жыл), компаниялар тобындағы жұмыс өтілі (кемінде 5 жыл), сондай-ақ басшы лауазымдағы жұмыс өтілі (кемінде 3 жыл) есепке алынатын болады. Бұдан бөлек, кәсіби жетістіктерге және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларына ие болу қажет.
Резервке тұрған қызметкерлер болашақта конкурстан тыс QazaqGaz компаниялар тобында басшы лауазымға іріктеуден өте алады.
Бұл бастаманы іске асыру компанияда меритократия қағидаттарын, сондай-ақ мамандарды іріктеу және жалдау мәселелерінде транспаренттілікті дамытуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ, кадрлық резерв еліміздің барлық өңірінен қызметкерлердің кәсіби дәрежеде өсуіне ықпал етеді.