QazaqGaz ұлттық компаниясында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында QazaqGaz компаниясының басшысы Санжар Жаркешов сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру жолында компанияның қолға алып жатқан шаралары туралы айтты.

«Осы жылдың 7 айында QazaqGaz сомасы 821 млн тг асатын сомаға 25 офтейк-келісім жасады. Бүгін дөңгелек үстел барысында отандық өндірушілермен жалпы 30 млрд теңгеден асатын сомаға жаңа офтейк-келісімдерге қол қойылады», – деді ұлттық компания басшысы.

Мемлекет басшысының сатып алулардағы отандық тауарлар көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде QazaqGaz тұрақты түрде "Атамекен" ҰКП, Қазақстан машина жасаушылар Одағы және басқа да ұйымдардың алаңдарында отандық тауар өндірушілермен кездесулер өткізеді.

«Бүгін біздің компания үшін айтулы күн. Келісімге қол қою біз үшін шар клапандарының жаңатүрін жеткізу шеңберінде QazaqGaz-пен жұмыс істеуге кең мүмкіндіктер ашады деп үміттенеміз.Біз үшін офтейк-келісім шарттар-бұл тұрақтылық және өндірісті жоспарлау, өнім желісін кеңейтуүшін инвестициялау мүмкіндігі. Қазақстандық өндірушілерді қолдағаны үшін QazaqGaz-ға алғыс білдіремін», - деді «Бемер Арматура» ЖШС директоры Андреас Кефер.

Отандық өндірушілер офтейк-келісімшарттар жасасу рәсімдері, сатып алу тәртібі нормалары және техникалық ерекшеліктер бойынша консультациялар алады.

«QazaqGaz» тендерлерде Самұрық-Қазына" қорының тауар өндірушілеріне басымдық береді. 2024 жылдың 7 айында Қордың отандық тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілген сатып алу сомасы 34 млрд теңгеден асты», - деп атап өтті Санжар Жаркешов.

Сонымен қатар, QazaqGaz-дың бірлескен кәсіпорындары "Азия газ құбыры" ЖШС және "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС үшін сатып алудың жаңа ережелері әзірленді. Компаниялар отандық тауар өндірушілерді қолдау, оффтейк-келісімшарттар жасасу және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда елішілік құндылықты дамыту жөніндегі міндеттемелерді ұстанады. Бұдан басқа, сатып алуды электрондық форматта міндетті түрде өткізу көзделген, осылайша өткізілетін тендерлердің ашықтығы қамтамасыз етіледі.

«Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан газ саласына үлкен көңіл бөлінуде. Әрине, мұндай жағдай барлық кезде жасалды деуге келмейді. Газ саласы “өгей” баланың күйін кешіп келді. Бірақ қазір тенденция өзгерген. Осындай шаралар соған дәлел. Бұл жерде нақты шешімдер қабылданып, маңызды офтейк келісімдерге қол қойылуда», - деді газ саласының ардагері, «QazaqGaz ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі Анатолы Тегісбаев.

Жергілікті қамтуды арттыру шеңберінде "QazaqGaz" ҰК" АҚ жұмысы Өнеркәсіп министрлігінің, Энергетика министрлігінің, "Атамекен" ҰКП, Қазақстан машина жасаушылар одағының, сондай-ақ Үкімет пен "Самұрық-Қазына"қорының қолдауымен жүзеге асырылады.