Петербург Халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ-2024) шеңберінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов және «Газпром» ЖАҚ Басқарма Төрағасы Алексей Миллер ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттарға қол қойды.
Қол қойылған шарттардың қолданылу мерзімі 2040 жылдың соңына дейін, 15 жылды құрайды.
Бұл жобалар Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің транзиттік әлеуетін кеңейтуге, Республиканың газ саласы үшін экономикалық пайданы ұлғайтуға, өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады.
Келісім-шартқа қол қою щарасы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өтті.
«Орта Азия – Орталық» газ құбыры арқылы Өзбекстанға ресейлік газды жеткізу 2023 жылы 7 қазанда басталғанын естеріңізге сала кетейік. Салтанатты рәсімге үш елдің президенттері – Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин және Шавкат Мирзиеев қатысты.