«Амангелді» газ кен орнының 20 жылдық тарихына арналған «Мойынқұмның жер қойнаулары» атты бұрыш Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қабырғасынада өз жұмысын бастады. Бұл бұрыш Мойынқұмдағы жер қойнауын игеру тарихын және оның 1960 жылдардан бастап осы күнге дейінгі даму жолын көрсетеді. Келушілер тарихи хронологиямен және кен орнының даму болашағымен таныса алады.
Экспозицияны ашудың салтанатты рәсіміне «QazaqGaz» Барлау және Өндіру» ЖШС-ның Бас директоры Алмас Қуандықов, ТарӨУ ректоры Мұхтар Байжұманов, студенттер, газ саласының ардагерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
«Біз университет қабырғасында «Мойынқұмның жер қойнаулары» атты бұрышты студенттердің Жамбыл облысының және газ кен орнының тарихы туралы хабардар болулары үшін ашып отырмыз. Жастар өздерінің туған өңірінің тарихын білулері тиіс», - деді Алмас Қуандықов.
2023 жылы Жамбыл облысында орналасқан «Амангелді» газ кен орнына 20 жыл толып отыр. 20 жыл бойы кен орны Қазақстанның оңтүстік өңірлерін табиғи газбен қамтамасыз етіп келеді және еліміздің энергетикалық секторындағы стартегиялық маңызды кәсіпорын болып табылады.
Кен орнының 20 жылдық мерейтойына «QazaqGaz» Барлау және Өндіру» компаниясы Жамбыл обысында бірқатар әлеуметтік және мәдени жобаларды іске асыруда.
Осылайша, компания тікелей өндірісте студенттерді қос тарапты оқыту бойынша жобаны іске асырады. Бұған қоса әлеуметтік осал отбасыларының балалары үшін оқуға гранттар бөлінген. Талас ауданының бірқатар кенттерінде балалар алаңы, спорттық және воркаут алаңдары салынған, тас жолдар мен саябақтар жөнделген.
Экспозицияны ұйымдастырушы – «QazaqGaz» Барлау және Өндіру» ЖШС.