АзаматтықҚазақстан Республикасы
Білім

1975 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша аяқтады, «Тау – кен инженері» біліктілігін алды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Құрметті азаматы.

Еңбек өтілі

17.10.1975 – 20.04.1990 жж. – Газ өндіру және тасымалдау учаскесінің шеберінен бастап өндірістің барлық сатыларынан өтіп, Бас инженер – басқарма бастығының орынбасары, Маңғышлақ газ өндіру басқармасының, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің (ММӨБ) бастығына дейін өсті.

20.04.1090 – 31.07.1992 жж. – «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігі бас инженерінің орынбасары

11.08.1992 – 19.05.1998 жж. – «Қарашығанақгазпром» мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері – Бас директорының орынбасары, бірінші вице-Президент, «Қарашығанақгазпром» АҚ президенті

19.05.1998 - 25.03.01 жж. – «АқсайГазСервис» ААҚ президенті

25.03.01 - 28.01.02 жж. – «ҚазБурГаз» ААҚ президенті

28.01.02 - 22.04.02 жж. – «АБЕ корпорациясы» АҚ вице-президенті

19.04.2002 - 19.09.2002 жж. – «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының орынбасары

12.05.2003 - 09.11.2004 жж. – «ДМД-Сервис» ЖШС Бас директоры

01.12.2004  -04.06.2012 жж – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының орынбасары

03.09.2012 - 09.02.2017 жж. – «ҚазМұнайГаз Қарашығанақ» ЖШС Бас директоры

05.02.2018 - 30.03.2021 жж – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені

01.04.2021 – 01.09.2021 – «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі («МГКА» РҚБ) Бас директорының орынбасары

02.09.2021 - қазіргі уақытқа дейін – «МГКА» РҚБ бас директоры