Меморандумға және Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасына сәйкес Алматы облысының газ тасымалдау және газбен жабдықтау инфрақұрылымын кеңейту жөніндегі ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық көзделеді. Меморандум шеңберінде «ҚазТрансГаз» АҚ өңірде мотор отыны ретінде сығымдалған табиғи газды (СТГ) пайдалануды енгізуді ниет етіп отыр.

Облыс әкімдігі газдандыру объектілерін және газмотор инфрақұрылымын салу үшін жер учаскелерін бөліп, тиісті рұқсаттар және басқа да қажетті рұқсат ету құжаттарын береді. Бұдан басқа, одан әрі мотор отыны ретінде СТГ пайдалануға муниципалдық және қоғамдық көлікті, коммуналдық техниканы көшіруде жәрдем көрсететін болады.

«ҚазТрансГаз» АҚ Алматы облысының газдандырылмаған аудандарын газдандыру жөнінде кешенді шараларды жүзеге асырады. Компанияның жоспарында Жамбыл ауданында автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) салу, сондай-ақ Алматы облысында, Талдықорған қаласында, облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан ірі аудан орталықтарында автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциялары (АГТКС) желісін құру бар.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорыҚайрат Шәріпбаев Талдықорған қаласында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Жетісу өндірістік филиалы құрылды деп хабарлады. Бұл еншілес кәсіпорын еліміздіңі барлық газдандырылған өңірлерінде тарату желілері бойынша тауарлық газ жеткізумен айналысатын«ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес ұйымы. Филиал өңірлік газдандыру схемасына сәйкес Алматы облысын газдандыру жөніндегі шараларды жүзеге асыратын болады. Бірінші кезекті міндет болып Талдықорған қаласында және жақын жатқан елді мекендерде қалаішілік және орамішілік газ тарату желілерін салу және құру айқындалды.

Қайрат Шәріпбаев облыстың аумағы бойынша ең ірі транзиттік және магистральдық газ құбырлары өтетінін атап өтті. Бірақ осыған қарамастан өңірдің газдандырылу деңгейі төмен әрі19%-ды ғана құрайды. ҚазТрансГаз осы жағдайды түбегейлі өзгертуге ниет білдіріп отыр. Біз Қазақстан халқының әл-ауқатын артыру жөніндегі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға барлық күшімізді саламыз» - деп «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорыҚайрат Шәріпбаев атап өтті.

Жетісу өндірістік филиалының директоры болып мұнайгаз саласында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Біржан Сәкенұлы Жылқайдаров тағайындалды.

"ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

"ҚазТрансГаз" АҚ-ның
Баспасөз қызметі

+77172 552316