KIOGE-2026 халықаралық көрмесі аясында "QazaqGaz "ҰК" АҚ басшылығы жетекші инженерлік, технологиялық және сервистік компаниялардың өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді.
"QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасының күрделі құрылыс және жаңа жобалар жөніндегі орынбасары Батыржан Тергеусізов woodkss Қазақстандық инженерлік-құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар инфрақұрылымдық және құрылыс жобаларын іске асыру саласындағы әлеуетті ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Honeywell басшылығымен кездесу өтті, оның барысында Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша жобаларда бірлескен жұмыс, құзыреттерді дамыту, персоналды оқыту және өндірістік процестерді цифрландыру талқыланды.
Сонымен қатар, Батыржан Тергеусізов Solar Turbines, Worley, SGS және Air Products компанияларымен келіссөздер жүргізді. Кездесуге қатысушылар өзара іс-қимыл, заманауи технологияларды енгізу және газ саласының жобаларына халықаралық сараптама тарту перспективаларын қарастырды.
KIOGE-2026 шеңберінде кездесулер өткізу QazaqGaz-тың қазақстандық және халықаралық әріптестермен іскерлік байланыстарын дамытуға, сондай-ақ компания жобаларын іске асыру үшін жаңа шешімдер іздеуге ықпал етеді.