"QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Асылжан Дәулетов KIOGE 2026 аясында United Energy CA Бас директоры Азфар Алимен кездесті. Кездесу барысында тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, соның ішінде жаңа жобаларды бірлесіп іске асыру және перспективалы учаскелерді игеруге инвестициялар тарту мүмкіндіктерін талқылады.

Тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға және көмірсутектерді барлау мен өндірудегі әлеуетті жобаларды пәндік пысықтауды жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.