"QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Асылжан Дәулетов KIOGE 2026 алаңында Tenaz Energy президенті және бас директоры Энтони Мариномен кездесу өткізді.

Кездесу барысында компания өкілдері Қазақстандағы перспективалы жобаларды бірлесіп пысықтау мүмкіндіктерін қоса алғанда, көмірсутектерді барлау және өндіру саласындағы өзара іс-қимылдың әлеуетті бағыттарын қарастырды.

Тараптар upstream-жобаларды іске асыруда тәжірибе алмасуға, ресурстық базаны дамыту тәсілдеріне және серіктестіктің ықтимал форматтарына ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын одан әрі айқындау үшін жұмыс байланыстары мен ақпарат алмасуды жалғастыруға келісті.