Сапардың мақсаты – Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың өндірістік бағдарламасының іске асырылу барысын тексеру, ол «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ресурстық базасын кеңейтуге бағытталған техникалық объектілерді жаңғыртуды көздейді.
Бас директор «Тараз» МГҚБ филиалының, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның, «Амангелді Газ» ЖШС-ның газ тасымалдау жүйелері объектілерін және БГА-ТБА магистральдық газ құбыры мен Қазақстан-Қытай МГҚ арасындағы TIP-02 мойнағын, Ақыртөбе жерасты қоймасын және Тараз МГҚБДП-ның №5 компрессорлық станциясын аралап шығып, өндірістік қызметтерімен танысты.
Кәсіпорындардың басшыларымен сол жерлерде кеңес өткізіп, жұмыс ұжымдарымен кездесті. Қызметкерлермен кездесу барысында өзекті проблемалар мен өндірістік мәселелер талқыланды. Қайрат Шәріпбаев ресурстық базаны кеңейту, газ тасымалдау объектілерінің жай-күйін және оларды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін жақсарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру басты міндет екенін атап өтті.
TIP-02 мойнағының аумағын көгалдандыру, сумен жабдықтау, жөндеу-пайдалану блогын және Ақыртөбе ЖАГҚ әкімшілік ғимаратын жөндеу жөнінде тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар бос жүріс режимі кезеңінде тасымалданатын газды компримирлеу және оны одан әрі пайдалану үшін сығымдалған газ алу үшін ЭГПА Ц-6,3 агрегатын кеңінен пайдалану мүмкіндігін қарастыру да тапсырылды.
Амангелді кен орындарының тобында «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры №127 ұңғыманы қосу және №128 ұңғыманы бұрғылауды бастау рәсіміне қатысты.
Қайрат Шәріпбаев жаңа кен орындарын іздестіру, ресурстық базаны кеңейту, газ өндіру көлемдерін арттыру «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобын одан әрі дамыту үшін маңызды стратегиялық мақсат болып табылатынын атап өтті. Бұл жұмыстар газ тасымалдау объектілерін салумен қатар жалғастырылатын болады.
Газбен жабдықтаудың меншікті көздері Қазақстанның оңтүстік өңірлері үшін импортты қысқартуға және экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік береді, ол Қазақстанның бүкіл экономикасына және біздің азаматтардың салауаттылығын арттыруға оң әсер етеді.
«ҚазТрансГаз» АҚ – бұл бүкіл Қазақстан бойынша тұтынушыларды көгілдір отынмен қамтамасыз ететін халықтық компания, сондықтан да жаңа кен орындарын іздестіру және оларды пайдалану жөніндегі жобалардың стартегиялық мәні зор.
Еңбек ұжымдарымен кездесу барысында Қайрат Шәріпбаев «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы үшін жұмыстың маңызды бағыты ресурстық базаны кеңейту, тұтынушыларды тұрақты газбен жабдықтау жүйесін жетілдіру, Жамбыл облысының аумағында газ тарату желілерін сенімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету сияқты негізгі өндірістік міндеттер туралы тағы да атап өтті. Осы үшін барлық қолжетімді тәсілдер пайдаланылатын болады, яғни бұл тұрақты жұмыс болады деген сөз.