«ҚазТрансГаз» АҚ бизнес-тәуекелдер бейінінде «тиімді» ретінде және қаржы тәуекелдері бейінінде «орташа» ретінде бағаланады.

Агенттіктің пікірінше, жоспарланған ауқымды капитал шығыстары жағдайында, сондай-ақ қаржылық көрсеткіштер жоғарылаған және баға өзгерген жағдайда, газды бөлшек саудада сату сегментінде «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметінен шұғыл қолдау табатынына деген «қалыпты жоғары» ықтималдық ескеріледі.

"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. 2012 жылғы шілдеден бастап компания газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті 

Тел: 8-(7172)-55 23 16

zhumabaeva@kaztransgas.kz