Аталған өңірді газдандыру ағымдағы жылдың наурызында басталып, бүгінгі күнге дейін 600 үй көгілдір отынды пайдаланып отырған болатын, осылайша бүгінгі таңда Түркістан қаласының 5 000-нан астам тұрғыны өз үйлерінде табиғи газ алып отыр.

Түркістан қаласының қалаішілік газ тарату желілерін салуды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) жүзеге асырды. Газбен жабдықтау желілерін салу кезінде заманауи технологиялар мен жоғары технологиялық техника, сондай-ақ қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін материалдар мен жабдықтар қолданылды. Компанияның жаңа техникалық саясатына сәйкес қалаішілік газ желілерін салу, яғни өте төзімді полиэтилен құбырларды жер астынан төсеу жүргізілуде.

Бүгінгі таңда газдандыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 96 000 қума метр көлемінде орындалып, 3 000 үйге тартылды. Орнатылғаны: 18 ШТП, 1 ГТП, 2 ПГБ.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ директорының орынбасары Қайрат Әуезов айтқандай, Түркістан қаласының әкімі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының басшылығы арасында қол қойылған 2014 жылғы 10 ақпандағы Түркістан қаласын газдандыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде қаланың тұрғын үйлерін газдандыру Бекзат шағын ауданынан басталды. Газдандыруға келіп түскен 1754 өтініштан 15 көшенің абоненттері газ пайдаланып отыр. Жыл соңына дейін тағы 638 үй қосылатын болады. Газ тұтынуға дайын үйлердің барлық саны – 1081, демек 5 000-нан астам тұрғын көгілдір отын алатын болады.

Жаңа жыл қарсаңында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығы қала тұрғындарының бірі Айтбаева Балаусаға арнап сыйлық әзірлеп қойды, ол жетім балалардың қамқоршысы болып табылады.

Компания оған жаңа газ плитасын сыйға тартты.

«ҚазТрансГаз» АҚ

Баспасөз қызметі

Тел: 8-(7172)-55 23 16