Биылғы жылдың наурыз айында Астанада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының футбол лигасының чемпионаты өтті. Холдингтің еншілес ұйымдары арасындағы жарыстарда «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының футболдан құрама командасы 3-орын алды. Команда қатысушыларының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша турнирде жеңіп алынған 500 мың теңге Стеногор қаласының №4 балалар үйінің тәрбиленушілеріне көмек көрсетуге жіберілген болатын.

Бұдан басқа, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның басқа қызметкерлері өз еріктерімен акцияға қатысуға бел буып, балаларға арналған қажетті заттарды сатып алу үшін қосымша қаражат жинады.

Халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында сатып алынған ең қажет заттар, жылы және басқа да киімдер балалар үйінің тәрбиленушілеріне тапсырылды.

Қайырымдылық көмекті тапсыру кезінде балалар концерттік бағдарлама көрсетті, сондай-ақ акцияға қатысқан «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы футбол командасының барлық қатысушылары мен қызметкерлеріне алғыс хат жолдады.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және газды қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: 8-(7172)-55 23 16