Бұл инвестициялық жоба Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерін газбен қамтамасыз ету мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін қажет. Сонымен қатар ол оңтүстік өңірде жоспарланған жаңа энергетикалық жобаларды – «Түркістан» ПГУ, «Қызылорда» ПГУ, Алматының ЖЭО-1,2,3 және басқа да нысандарды – газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ҚХР-ға газ экспорттау көлемдерін сақтауға мүмкіндік береді.