«Астана-Транс-Ойл» ЖШС жасалған уағдаластықтарға сәйкес көлемі жылына кемінде 100 млн. текше метр сұйытылған газ шығаратын қуатты зауыт құрылысын салуды және газ құбырына қосу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Өз кезегінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл облысының аумағындағы компанияның газ құбырларына қосылуға мүмкіндік береді және зауаттың іркіліссіз жұмысы үшін қажет табиғи газдың келісілген көлемімен қамтамасыз етеді.

Инновациялық бұл жоба елді мекендерге көгілдір отын жеткізетін газ құбырларын салу арқылы өңірлерді газдандыру ісіне баламалы нұсқа деп қабылдауға болады. Табиғи газды сұйылту жөніндегі технологиялар Жамбыл облысының және республиканың басқа өңірлерінің газ құбырлары мен кен орындарынан қашықта орналасқан елді мекендерін және өнеркәсіптік объектілерін газдандыру үшін тасымалдаудың оңтайлы әдісі болып табылады. Осы тасымалдау әдісін сондай-ақ, «виртуалды газ құбыры» деп те атайды.

Бұдан басқа, табиғи газды сұйылту зауытын салу әртүрлі көлік түрлерін экологиялық таза отынға көшіру үшін алғышарттар құрады, бұл «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстанда газмотор отынын жаппай енгізуге бағытталған жобасымен толықтай сәйкес келеді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бұл жобаның іске асырылуы өңірдің экологиялық ахуалын жақсартатынын атап өтті.

- Бір ғана Тараз қаласмының өзінде 350 мың тұрғын бар. Автокөліктер саны 100 мыңнан асады. Сондықтан біз муниципалды және қоғамдық көліктерді экологиялық таза отынға көшіруге мүдделіміз, - деді, Кәрім Көкірекбаев.

Өңір басшысы жабаны іске асырудағы тағы бір маңызды тұсы ретінде газдандырылмаған Сарысу және Мойынқұм аудандарына көгілдір отын жеткізу мүмкін болатынына тоқталды. Сонымен қатар Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласының әкімдігіне зауыт құрлысы үшін теміржол инфрақұрылымына жақын маңнан 20 гектар жер телімін бөлу туралы тапсырма берді.

Осы әлеуметтік мәні бар жобаның құрылыс жұмыстары кезеңінде 200-дей адамды және зауыт іске қосылған соң шамамен 100 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ете алады, бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған қадам болмақ.

«ҚазТрансГаз» АҚ

Баспасөз қызметі

+77172 552316