«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытындағы (ГӨЗ) құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы баяндады. Үкімет басшысы аталған нысанды Атырау облысына жұмыс сапары аясында аралады.
Бүгінгі күні газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында барлық жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру процесіне 1000-нан астам жұмысшы мен 150-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.
- қадалау жұмыстары аяқталды;
- ғимараттар мен технологиялық құрылымдардың іргетас бөліктерін бетондау жүргізілуде;
- технологиялық жабдықтарды орнату басталды;
- технологиялық құрылымдардың металл құрылымдарын монтаждау басталды.
Сондай-ақ 320 орындық вахталық қалашық пен кіреберіс темір жолдың құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың тоқтаусыз жүруі үшін автомобиль және теміржол, сондай-ақ су құбыры мен электр желілері тартылды.
«Елімізде алғаш рет, оның ішінде дәл осы объектіде қалдық газдардың түтінсіз және дыбыссыз шығуын қамтамасыз ететін жабық типтегі алау технологиясы пайдаланылуда. Бұл діңгек түріндегі алауға қарағанда жағу өнімдерін көбірек түрлендіруге ықпал етеді», - деді Мейірбек Ихсанов өз баяндамасында.
Бұдан басқа катарлық серіктес UCC холдингімен бірлескен жұмыс қарқынды жүруде.
Айта кетейік, аталған жобаның өңір үшін өндірістік ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық маңызы зор.