23 сәуірде «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов ҚХР-ның Чжухай қаласында TapLine компаниясы Директорлар Кеңесінің төрағасы Чжун Фаньмен кездесті. Кездесу барысында тараптар ағымдағы серіктестік пен газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылады.  

Айта кетейік, 2009 жылдан бері Қазақстан аумағы арқылы Қытайға Орталық Азия газының транзиті тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Осы кезең ішінде тасымалдың жиынтық көлемі 506,5 млрд текше метрге жетті. Бұл аталған бағыттың өңірлік ынтымақтастық үшін орнықтылығы мен маңыздылығын көрсетеді.  

Тараптар газ тасымалдау жүйесін одан әрі дамытуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.  

QazaqGaz басшысы бірлескен жоспарларды іске асыру аясында сындарлы диалогқа дайын екендігін жеткізіп, серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендігін атап өтті.