«QazaqGaz» ҰК» АҚ стратегиялық серіктесі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, Ақтөбе облысындағы «Солтүстік-1» учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартына қол қойды.

Келісімшартқа қол қою геологиялық барлау жұмыстары кешенін жүргізуге мүмкіндік береді. Аталған учаске көмірсутектердің жаңа қорларын анықтау тұрғысынан жоғары әлеуетке ие.

Жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт аясында 2D және 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз және тәуелді іздеу ұңғымаларын бұрғылау көзделген.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ барлық жұмыстарды заманауи экологиялық стандарттар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асыруды жоспарлап отыр.