23 сәуір күні «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов «Түрікменстан – Өзбекстан – Қазақстан – Қытай» магистральдық газ құбырын пайдалану жөніндегі Үйлестіру комитетінің отырысына қатысты. Іс-шара Қытай Халық Республикасының Чжухай қаласында өтіп жатыр.
ТӨҚҚ Үйлестіру комитетінің 34-отырысы аясында Әлібек Жамауов баяндама жасап, газ тасымалдау жүйесі жұмысының негізгі мәселелері бойынша QazaqGaz ұстанымын таныстырды. Өз сөзінде ол өңірдің трансшекаралық инфрақұрылымын басқаруда көпжақты тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар отырыс аясында «Азиялық Газқұбыры» ЖШС бас директоры Мират Утепов та баяндама жасады.
ҚХР-на сапар аясында серіктестермен газ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және өзара іс-қимылдың өзекті күн тәртібін талқылауға бағытталған бірқатар екіжақты кездесулер өтті.
ТӨҚҚ Үйлестіру комитеті жеткізу, тасымалдау режимдерін және газ құбырының сенімді пайдаланылуын келісудің негізгі тетігі болып табылады. Сондай-ақ маршрут бойында барлық қатысушылардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді. Еске салсақ, Комитеттің бұған дейінгі 33-отырысы Алматы қаласында «Азиялық Газқұбыры» ЖШС төрағалығымен өткен болатын.