QazaqGaz 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының алғашқы қорытындысын шығарды. Өңірлерде күзгі-қысқы кезең тұрақты өтті. Халықты және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау үздіксіз қамтамасыз етілді.
Жылыту маусымына уақтылы және кешенді дайындық газ инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жөндеу және диагностикалық жұмыстар жүргізілді, апаттық қызметтердің дайындығы қамтамасыз етілді. Оның ішінде магистральдық газ құбырларының желілік бөлігінде 8 мыңға жуық құбыр секцияларына жөндеу жүргізілді. Бұл газбен үздіксіз қамтамасыз етуге және газ тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Ең жоғары жүктеме кезінде газбен сенімді қамтамасыз ету үшін ішкі нарықта жерасты газ қоймалары іске қосылды, олардан жылыту маусымы кезінде шамамен 2,4 млрд.м3 газ алынды.
Жыл сайынғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарынан басқа, төтенше жағдайлар мен шағымдардың санын азайтуға бағытталған шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, рейдтер, ақпараттық науқандар және SMS-хабарламаларды қоса алғанда, газды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша халықпен жұмыс жүргізілді.
Жылыту маусымы соңғы сатысына келді. Ағымдағы көрсеткіштер оның штаттық режимде өткендігін байқатады. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде газбен жабдықтау жүйелерін жазғы режимге көшіру жұмыстары басталды. QazaqGaz келесі жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Осы жұмыс аясында газ инфрақұрылымын жаңғырту жалғасады. Сондай-ақ абоненттерді тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану туралы хабардар ету жөніндегі шараларды күшейтеді.