«QazaqGaz Ғылыми-техниқалық орталығы» ЖШС, Астана қ., Есиль районы, Ә.Бөкейхан к-сі, 12-і ғим., «Болашақ» БО, электрондық мекенжай: o.voyevodkina@qg.kz, аудиторлық қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлайды.

      Аудиторлық қызметтер көлемі: «QazaqGaz Ғылыми-техниқалық орталығы» ЖШС-ның 2022-2024 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті.

      Аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алуға бөлінген сома ҚҚС есебінсіз 13 376 000 (он үш миллион үш жүз жетпіс алты мың) теңгені құрайды

      Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі мен орны: 2023 жылғы "23" қазаннан бастап 2023 жылғы "13" қарашаға дейін, Астана қаласы, Есіл ауданы, А. Бөкейхан көшесі, 12 ғимарат, "Болашақ" БО, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, 11-қабат.

      Әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салудың электрондық және қағаз көшірмелерін мына мекенжай бойынша ала алады: Астана қаласы, Есіл ауданы, А.Бөкейхан көшесі, 12 ғимарат, "Болашақ" БО, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, 11-қабат.

      Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салу әлеуетті қатысушыларға олардың ресми сұрау салуы бойынша ұсынылатын болады. Таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салу Тапсырыс беруші мен әлеуетті қатысушы арасындағы құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін беріледі.