«QazaqGaz» ҰК» АҚ жаңа жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады. Іс-шараға GPCI компаниясының профильді мамандары мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы өзекті ақпаратты ұсынды және ағымдағы жылдың соңына дейін жобаның негізгі кезеңдеріне қол жеткізу жоспарлары туралы баяндады. Батыржан Тергеусізов құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын бақылауды күшейтуді, түнгі ауысымдарды қоса алғанда, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына назар аударуды тапсырды.
Анықтама: Құрылыс алаңына 2000-нан астам маман жұмылдырылған. Оның 1434 тікелей персонал. Түнгі ауысымға 192 маман тартылған. Құрылыс алаңында 342 астам техника жұмыс істейді. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ):
Түтін құбырларының монтажы аяқталды;
НВК-1 (12 км-ден астам жерасты құбырлары) гидросынақтары орындалды;
Іргетастарды бетондау, металл конструкцияларды монтаждау, технологиялық жабдықтар мен қызмет көрсету алаңдарын орнату, РВС-5000 типті болат резервуарларды құрастыру, сондай-ақ көлемі 600 м3 сфералық резервуарларды монтаждау бойынша жұмыстар орындалуда;
Сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде (НВК-2);
GPCI вахталық кентінде 132 және 140 орындық екі жатақханада шатыр монтажы аяқталды, жатақхана ғимараттарында ішкі бөлімдерді орнату және электр монтаждау жұмыстары жалғасуда.
Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер:
Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 55 844 м3 орындалды (прогресс 73,6%)
Металл конструкцияларын монтаждау: 5 406 тонна (26,7%)
Механикалық жабдықты монтаждау: 4 415 тонна (45,3%)
Резервуарларды орнату: 1 682 тонна (62,2%)
• Жерасты құбырларын төсеу: 21 506 м (48,8%)
"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.