Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен салынған «Алматы-Байсерке-Талғар» және ГТС-3 Талғар магистральдық газ құбырын өңірді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл жоба «Алматы облысын газдандырудың өңірлік сызбасы» бойынша «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ атқарған жұмыстарының нәтижесінде орындалды. Ол Меморандум, облыс және аудандық әкімдіктер арасында жасалған келісімдер шарттарының орындалғандығын растайды.

18 қазанда Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан АГТС-3 Талғар алаңында газ қосу бойынша салтанатты шара Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов пен «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры С.С.Сұлтанғалидың, министрлік пен ведомстволардың құрметті қонақтарының, аудандық әкімдіктер мен басқа да жауапты (уәкілетті) тұлғалардың қатысуымен өткізілді. Бұл айтулы күн облысты газдандырудың үлкен кезеңі болып табылады. Осы кезеңде 11 млн. теңге көлемінде меншікті қаражат жұмсалып, 700 км. газ құбыры салынды. Алдыңғы кезеңдерде қала маңындағы Қоянқұс, Жаңа дәуір, Түймебаев, Жәпек батыр, Өтеген батыр (Энергетик), Көк қайнар, Жаңа талап, Ынтымақ, Бесағаш, Қотырбұлақ елді мекедеріне «көгілдір отын» берілген болатын.

Ең алдымен, аталған шараның  маңызы Талғар қаласы үшін зор болды. Талғар қаласы мен қала маңындағы аудандарда газ желілерінің ауқымды құрылысы толық аяқталды. Бұл – жалпы сомасы 8 млрд. теңгеге салынған 420 км. газ құбырлары мен газ жабдықтарының 70 нысаны. «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ атқарған жұмысының нәтижесінде Талғар ауданындағы жеке сектордың 12 мың тұрғын үйі газға қосылу үшін техникалық мүмкіндік алды.

Әлеуметтік жобаларды орындау аясында, 18 қазанда «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ меншікті қаражатынан  әлеуметтік маңызы зор болып табылатын Талғар қаласындағы № 7 балабақша газдандырылды. Салтанатты қосу рәсімін Талғар қаласының тұрғындары мен балабақша ұжымының қатысуымен Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов пен  «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ Басқарма төрағасы  Ақылбай Сапаров өткізді.

Аталған шара «Алматы облысын газдандыру бағдарламасының» аясында өткізіледі. Бағдарламаның басты міндеті  газдандыру жүйесін дамыту және Алматы облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.