"Амангелді Газ" ЖШС   15-жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде кен орнында оқыту іс-шарасын ұйымдастырды. «15 жыл: алға қадам басу үшін, өткенді еске алу» деген атпен өткен іс-шараның оқыту түріндегі форматы  ұжымға едәуір оң әсер берді. Ұжымға "Ретроспектива" фасилитациондық  технология арқылы Серіктестіктің 15-жылдық тарихын еске алу мүмкіндігі туды. Одан әрі кәсіби жаттықтырушылар тобы Серіктестіктің барлық өндірістік қызметкерлері үшін мастер-кластар өткізді. Соңында өткен материалды бірлесіп талқылау, қорытынды шығару болды.

Оқыту іс-шарасы 2018 жылғы 26 қазанда "Амангелді Газ" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Сержан Нәбиұлы Ислямовтың қатысуымен "Амангелді Газ" ЖШС вахталық кентінің аумағында өтті. Іс-шараның ресми бөлігінде Серіктестікте, ол құрылған күннен бастап жұмыс жасап келе жатқан қызметкерлер ескерілді.  Бас директордың бірінші орынбасары еңбегі сіңген қызметкерлерді жалпы мерекемен құттықтады және олардың серіктестік қызметіне қосқан үлесін айтып өтті. Оларға құрмет грамоталары мен сыйлықтар тапсырылды.