БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Түркістан облысының елді-мекендерін табиғи газға қосты

Түркістан облысы                                                                                                                                                            26 шілде 2023 ж.

"QazaqGaz" ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Келес ауданы Бәйтерек және Жамбыл-2 елді-мекендерін табиғи газға қосты.

Тұрғын үйлерге газ жеткізу салтанатына "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, Түркестан облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысынын орынбасары Роза Сариева, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, БАҚ өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Бұл ауылдарды табиғи газбен жабдықтау үшін газ құбырлары 2021 жылы салына бастады. Табиғи газ Байтерек, Жамбыл-2 елді-мекендеріне  Ғани Мұратбаев атындағы газ тарату станциясынан (ГТС) көгілдір отынды жеткізу үшін 25 шағырымнан аса газ құбыры төселіп, 2 дана газ реттеу пункті, 414 дана газ реттегіш шкафты пункт орнатылды. Бүгінгі шараның арқасында 544 тұрғын үйді табиғи газға қосу мүмкіндігі бар.

 Тұрғындарды бүгінгі қуанышымен құттықтаған "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, газ мамандарының басты міндеті – әр шаңыраққа жылу мен қуаныш сыйлау екенін атап өтті.

Табиғи газдың өзге отын түрлеріне қарағанда артықшылықтары айтарлықтай көп. Көгілдір отын - адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігін айтарлықтай жеңілдететіні рас. Дегенмен, тұтынатын табиғи газымыз адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін оны тұрмыста пайдалану талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл сіз бен жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін маңызды жайт, - деді Б.Асқаров.

Газ мамандары тұтынушыларға табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мен газды үнемді пайдалану ережелері жазылған ескертпе-парақшаларын таратты.

Жалпы, Түркістан облысы Келес ауданындағы  83 елді мекенде 133 753 тұрғын тұрады. Бүгінгі күні ауданда 65 елдімекен табиғи газбен қамтылған, яғни елдімекендердің 78% -ы «көгілдір отынның» қызығын көріп отыр. Аудан бойынша абонент саны - 14 629.

Биылғы жылы Келес ауданы бойынша тағы 6 елдімекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде ауданның экологиялық тазалығын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарын жылыту маусымында көмір жағып, күл шығару машақатынан құтқарады.


Байланыс үшін:  Ықылас Мұхит Мұхамедханұлы,

 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 

қоғаммен байланыс және ИМЖ 

департаменті 

Тел: 8 (7172) 55 89 79, ішкі нөмір 1400, 1401