Ұлттық компания басшылығы апта сайын Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 құрайтын газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексеруде. Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1200-ден астам жұмысшы мен 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Құрылыс алаңында еңбек қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. HSE мамандары жұмыс барысын ұдайы қадағалап отыр. Құрылыс алаңында өрт қауіпсіздігі бойынша мамандандырылған ұйым жұмыс істейді.

 Құрылыс және монтаж жұмыстарының қазіргі барысы: 

  • Күкіртті тазалау қондырғысында әрбіреуінің салмағы 50-ден 170 тоннаға дейінгі 7 дана абсорбциялық бағаналар орнатылды;
  • Күкіртті алатын блокта түтін құбырының 3 секциясы, сақтау резервуарлары, жылу тасымалдағыш, бақылау-өлшеу құрылғысы және автоматизация, азот блогында насостар орнатылған;
  • Жалпы монтаждалған технологиялық құрал-жабдықтардың жалпы көлемі - 2177 тоннаны құрады;
  • Резервуарларды жинау бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы 2520 тонна металл конструкциялары орнатылып, 12 мың метр жерасты құбырлары салынды және 38мың м3 бетон құйылды; 

ГӨЗ  құрылысы кестеге сай жүруде. Жобаны дәл уақытында аяқтау үшін қосымша ресурстар тартылды. 

Жоба жүзеге асырылған соң, тауарлық газдың ресурстық базасы жылына 727 млн. м3, газ моторлы отын және органикалық синтез үшін шикізат жылына 115,5 мың. тн, мұнай-химия өндірісі үшін газ композиті жылына 17 мың. тоннаға және түйіршіктелген күкірт көлемі жылына 218,5 мың. тоннаға артады деп күтілуде.