«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының жаңа жобалар жөніндегі орынбасары Батыржан Тергеусізов қуаттылығы 1 млрд м3 газ шығаратын Қашағандағы газ өңдеу зауытын салу жөніндегі келісімшарттың ЕРС қатысушыларымен өндірістік кеңес өткізді. Кеңес барысында құрылыс жұмыстарының қарқынын жеделдету және жабдықтарды жеткізу мәселелері талқыланды.
Құрылыс жұмыстарының қазіргі жайы:
Құрылыс алаңында 1700-ден астам адам жұмыс істейді, оның ішінде:
1100 адам — тікелей өндірісте істейтін мамандар;
120 адам — түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер;
300 дана техника — құрылыс және монтаждау жұмыстарына қолданылады.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары:
Қауіпсіздік аудиттері үнемі өткізіліп тұрады;
Біліктілікті арттыру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылды.
Орындалатын негізгі жұмыстар:
Металл конструкцияларын монтаждау;
Технологиялық жабдықты монтаждау;
Резервуарларды құрастыру жұмыстары:
РВС-5000 типті 6 резервуар;
РВС-1000 типті 2 резервуар;
Әрқайсысының көлемі 600 м3 болатын 10 сфералық резервуар құрастырылды.
Скидтерді (технологиялық тораптарды) байлау орындалды.
Су құбыры мен кәріздің сыртқы желілері бойынша жұмыстар орындалды (НВК-1 және НВК-2).
Құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) бойынша ілгерілеу:
ҚМЖ орындалу барысы:
➡ Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын орнату бойынша
➡ 46 342 м3 бетон құю жұмыстары орындалды, прогресс 62,1% құрады.
➡ 2 985 тонна металл конструкциялары монтаждалды, прогресс 14,9%.
➡ 3 142 тонна механикалық жабдықтар орнатылды, прогресс 33,5%.
➡ Резервуарларды құрастыруға 544 тонна темір жұмсалды, прогресс 20,1%.
➡ 15 787 м жерасты құбырлары монтаждалды, прогресс 33,8%.