Атырау облысында газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 2000-нан астам маман жұмылдырылған. Оның 1416 тікелей персонал. Түнгі ауысымға 127 маман тартылған. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына 346-дан астам техника жұмылдырылған. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ):
Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, алаңдарды, технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
Өрт сөндіру құбыр желісін монтаждау, қалақтарды құру және іргетастарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер бойынша (НВК-2) топырақты қайта толтыру және шығару жұмыстары орындалып жатыр;
РВС-5000 резервуарларын жинау, дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүргізілуде;
Металл конструкцияларды титулдар мен эстакадаларда орнату және бояу жұмыстары жалғасуда;
Вахта қалашығы аумағында кабель желілерін жүргізу, электр жабдықтарын монтаждау, траншеялар қазу, құдықтар қазу және кәріз ПЭ-түтіктерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде;
40/4/1 резервуарының гидравликалық сынағы жүруде, 10С резервуары гидравликалық сынақтан өткізіліп жатыр;
№9,№10 титулдарда 10 резервуардың 5-еуі термоөңдеуден өтті.
Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер:
Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 57 730 м³ (прогресс 76,3%)
Металл конструкцияларының монтажы: 7 706 тонна (38,2%)
Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4 518 тонна (46,6%)
Резервуарларды монтаждау: 1 826 тонна (91,1%)
Жерасты құбырларын жүргізу: 24 035 м (49,3%)
"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.