Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 2000 жуық маман жұмыс істейді, оның 1347 тікелей персонал. Түнгі ауысымға шамамен 174 қызметкер тартылған. Құрылыс алаңында 358 дана техника жұмыс істейді. Негізгі назар қауіпсіздік техникаларына аударылып отыр. Әсіресе, түнгі ауысым кезіндегі қауіпсіздік шаралары басты назарда. 

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша ілгерілеу:

  • Түтін құбырларын орнату аяқталды;
  • Іргетастарды бетондау, металл конструкциялар мен қызмет көрсету алаңдарын монтаждау және сырлау, технологиялық жабдықтарды орнату, сондай-ақ РВС-5000 типті резервуарларды және көлемі 600 м3 сфералық резервуарларды құрастыру бойынша жұмыстар орындалуда;
  • Сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде (НВК-2).
  • GPCI вахталық қалашығында әкімшілік-тұрмыстық кешені және 140 және 132 орындық екі жатақханада шатырды монтаждау аяқталды. Тұрақты вахталық қалашықтың құрамына кіретін 140 және 132 орындық жатақханалар мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарында ішкі бөлімдерді орнату және электромонтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіш:

Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 53 792 м3 орындалды (прогресс 71,1%)

Металл конструкцияларын монтаждау: 4 193 тонна (20,7%)

Механикалық жабдықты монтаждау: 4 320 тонна (44,6%)

Резервуарларды монтаждау: 1 187 тонна (43,9%)

Жерасты құбырларын төсеу: 19 520 м (48,2%)

"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асырудың кешенді бақылауын жалғастыруда.