«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның бас кеңсесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылды: онлайн-трансляцияға ұлттық компанияның шамамен 5 000 қызметкері қосылды.

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық филиалының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары қатысты. Спикерлер жобаға енгізілген негізгі ережелерге кеңінен тоқталып, аудитория сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов сөз сөйледі. Ол қызметкерлер мен кең жұртшылықтың белсенді азаматтық ұстанымы әділ әрі прогрессивті Қазақстанды қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Кездесудің негізгі екпіні қоғамдық талқылау процесіндегі қазақстандықтардың рөліне арналды. Қатысушылар жаңа Конституция жобасы ел дамуының, мемлекеттілікті нығайтудың және құқықтық жүйені жетілдірудің іргелі мәселелерін қамтитынын атап өтті.  

Қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістердің практикалық маңызы, құқық пен бостандықтың кепілдігі, сондай-ақ реформалардың азаматтардың күнделікті өміріне ықпалы түсіндірілді. Диалог ашық әрі конструктивті жағдайда өтті.