Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада кадрлық әлеуетті дамытуға және ұлттық газ компаниясының болашақ жетекшілерін қалыптастыруға бағытталған "QazaqGaz көшбасшылар пулы" жобасының қатысушыларын қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараны "QazaqGaz” Ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС ұйымдастырды. Кадр резервінің құрамына көпсатылы іріктеуден сәтті өткен QazaqGaz орталық аппараты мен еншілес ұйымдарының әкімшілік-басқарушылық, инженерлік-техникалық және жұмысшы персоналы қатарынан 27 қызметкер қабылданды.
Процесс барысына онлайн-тестілеу, сала өкілдері мен жоба серіктестерінің қатысуымен сараптамалық сұхбаттар, ассессмент-орталық, сондай-ақ компанияның жоғары басшылығымен қорытынды сұхбат кірді. Іс-шара соңында жоба қатысушыларына QazaqGaz кадр резервіне енгізгендерін мойындататын естелік түйреуіштер салтанатты түрде табысталды.
Білім беру бағдарламасы көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларды дамытуға бағытталған екі күндік модульден басталды. Оқыту QazaqGaz жетекші жаттықтырушылары мен басшыларының қатысуымен өтеді, олар өздерінің басқару тәжірибелерімен және үздік корпоративтік тәжірибелерімен бөліседі.
Жобаны іске асыруға ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, сондай - ақ серіктестер-SHL Kazakhstan, Baker Hughes Kazakhstan, BCG Consulting, Dasco Consulting, Halliburton көмектесті.
"QazaqGaz "ҰК" АҚ қолдауымен "QazaqGaz көшбасшылар пулы" жобасы компанияның стратегиялық мақсаттарын іске асыруға және Қазақстанның газ саласының тұрақты дамуына үлес қосуға қабілетті кәсіби мамандардың командасын құруға бағытталған негізгі құрал болады.