«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Асылжан Дәулетов «Ақтөбе» Газ Құбыры Басқармасына қарасты Арал желілік-өндірістік басқармасының (ЖӨБ) нысандарын аралады. Өндірістік объектілердің алдағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы есепті тыңдады. Сондай-ақ, ол жергілікті мамандардың жұмыс сапасы мен іске деген жауапкершілігі өте жоғары екенін айтты.
Арал ЖӨБ – «Интергаз Орталық Азия» жүйесіндегі маңызды өндірістік құрылым. Ол магистралды газ құбырларының қалыпты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басқарма құрамына 1964 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Бұхара-Орал» газ кұбырының КС-10 желелік компрессорлық станциясы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ кұбырының КС-1 «Бозой», КС-1Е «Бозой» және КС-1А «Үстірт» станциялары 2016-2022 жылдардын аралығында қосылган, 2013 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Бозой» газ есептеу станциясы, газ кептіру қондырғысы 2017 жылдан бастап қосылған және 1974 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Бозой» жерасты газ қоймасы.