ҚР Үкіметі Париж және Глазго саммиттерінде қойылған мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ БҰҰ-ның 2060 жылға қарай Парниктік газдар шығарындыларын дәйекті азайтуды және көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық үндеуін толық қолдайды. Бұл мақсатты біздің еліміз үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойды.
Бүгінгі күні бұл үдерістегі ең тиімді бағыттардың бірі бензин мен дизель отынын пайдаланудың орнына мемлекеттердің табиғи газға көшуі болды.
Қазақстанда мотор отыны ретінде табиғи газды пайдалануға көшудің негізгі алғышарты соңғы онжылдық ішінде мұнай өнімдерін өнеркәсіптік тұтынудың күрт өсуі болды. Көп жағдайда бұл көлік құралдарының паркінің ұлғаюымен және оның тозуымен байланысты. Болашақта дәстүрлі отын түрлерінің ықтимал тапшылығын болдырмау және Қазақстанның экологиясын зиянды қалдықтармен ластамау, сондай-ақ Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салуды неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру үшін табиғи газға мотор отыны нарығын әртараптандыру бойынша шешім қабылданды.
2018 жылы ҚР Үкіметі табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітетін қаулы қабылдады. Коронавирус пандемиясы және мұнай бағасының құлдырауымен байланысты әлемдік дағдарыс сияқты, бірақ көбінесе экономиканың газ және көлік салалары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл үйлестірілуінің бұзылуына байланысты бірқатар себептер бойынша, жоба толық көлемде іске асырылған жоқ.
Өткізілетін семинардың басты міндеттері - сығылған және сұйытылған табиғи газға ауыстыру арқылы Қазақстанда көлік секторын декарбонизациялау, сондай - ақ жолаушылар автобус паркін, темір жол локомотивтерін газдандыру бағдарламаларын іске асыруды қолдау, елде, әсіресе «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік бағытында мамандандырылған жанармай құю бекеттерінің құрылысын жандандыру.
Бұл үшін бұдан бұрын Үкімет қаулысымен бекітілген «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» қолданылу мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту қажет.
Іс-шара соңында мемлекеттік құрылымдар, ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар және жеке бизнес өкілдерінің бұрыштамаға қол қоюы жоспарлануда.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі Тел: +7(7172) 55 23 16