«QazaqGaz» ҰК» АҚ жаңа жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады. Іс-шараға GPCI компаниясының профильді маандары мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында мердігерлер құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы өзекті ақпаратты ұсынды және ағымдағы жылдың соңына дейін жобаның негізгі кезеңдеіне қол жеткізу жоспарлары туралы баяндады. Батыржан Тергеусізов құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына бақылауы күшейтуді, түнгі ауысымдарды қоса алғанда өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына назар аударуды тапсырды.
Бүгінгі таңда Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Құрылыс алаңында 2000 астам маман жұмыс істейді, оның 1477 тікелей персонал. Түнгі ауысымға шамамен 167 қызметкер тартылған. Құрылыс алаңында 343 дана техника жұмыс істейді. Негізгі назар қауіпсіздік техникаларына аударылып отыр. Әсіресе, түнгі ауысым кезіндегі қауіпсіздік шаралары басты назарда.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша ілгерілеу:
- Іргетастарды бетондау, металл конструкциялар мен қызмет көрсету алаңдарын монтаждау, технологиялық жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар орындалуда;
- Құбырдың өрт желісін монтаждау, қалыптарды орнату және іргетастарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер (НВК-2) бойынша қайта толтыру және топырақ қазу жұмыстары жүргізілуде;
- РВС-5000 резервуарларын құрастыру, дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүзеге асырылуда;
- Қызмет көрсету алаңдары мен АБК блогын қоса алғанда, титулдар мен эстакадаларда металл конструкцияларды монтаждау және сырлау жалғасуда;
- Вахталық қалашық аумағында кабель желілерін төсеу, электр жабдықтарын монтаждау, траншеяларды әзірлеу, құдықтарды орнату және кәріз ПЭ-құбырларын монтаждау жұмыстары жүргізілуде;
- 20-титулдағы резервуардың гидрооқшаулау сынақтары аяқталды.
Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіш:
Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 56 695 м³ (прогресс 74,4%)
Металл конструкцияларын монтаждау: 6 043 тонна (30,0%)
Механикалық жабдықты монтаждау: 4 433 тонна (45,4%)
Резервуарларды монтаждау: 1 712 тонна (85%)
Жерасты құбырларын төсеу: 22 176 м (48,8%)
"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асырудың кешенді бақылауын жалғастыруда.