"QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) президенті Чжоу Синьхуаймен кездесу барысында геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану бағытындағы ағымдағы және перспективалы жобаларды талқылады.

Келіссөздер барысында тараптар бірлескен іздестіру — барлау жұмыстарынан бастап, қолданыстағы жобалардың тиімділігін арттыруға дейінгі бұрын келісілген бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайын екендіктерін атап өтті. 

"Біз ынтымақтастықтың жалпы стратегиялық траекториясын нақтыладық. QazaqGaz және CNPC технологиялық бағытта дамуға, ресурстық базаны ұлғайтуға және геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ұмтылады", - деп атап өтті QazaqGaz басшысы.