“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов China National Chemical Engineering Co., Ltd. (CNCEC) Директорлар Кеңесінің төрағасы Мо Дингэ және СС6 бөлімшесінің бас директоры Тянь Яопэнмен кездесу өткізді. Тараптар газ химиясы және қайта өңдеу бағытындағы серіктестік перспективаларын талқылады.
Келіссөздер газ өңдеу жобаларын іске асыруда және газ-химия қуаттарын дамытуда өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.
CNCEC-Қытайдың ең ірі мемлекеттік инжинирингтік корпорацияларының бірі және China National Chemical Engineering Group Corporation құрамына кіреді. Корпорация Индонезия, Ресей, Оңтүстік Африка, Ирак, Ливия, Сауд Арабиясы, Грузия және басқа да бірқатар мемлекеттерді қоса алғанда, әлемнің 60 елінде жобаларды жүзеге асыруда. ENR ("Engineering News-Record") журналының рейтингі бойынша China National Chemical Engineering Group Corporation Ltd. "әлемдегі ең ірі 250 мердігер" тізімінде 17-ші орында.