QazaqGaz бүкіл ел бойынша газдандырылған аудандардың тұрғындарын табиғи газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуде. "QazaqGaz Aimaq" АҚ еншілес кәсіпорнының мамандары жылыту маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түсіндіру науқандарын, рейдтер мен газ жабдықтарының жай-күйін тексереді. 

Батыс Қазақстан облысында өндірістік филиал жергілікті тұрғындар арасында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Төтенше жағдайлар Департаменті, Орал қаласының әкімдігімен бірлесіп, газ мамандары тұрғындарға табиғи газды дұрыс және қауіпсіз пайдалану ережелерін еске салып, тұрмыстық газ жабдықтарының техникалық жай-күйін тексерді, газбен улану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қадамдарды түсіндірді. 

Сонымен қатар, Астанада QazaqGaz Aimaq газдандырылған жеке үйлердің тұрғындары үшін ауқымды түсіндіру науқанын бастады. "QazaqGaz Aimaq" қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге Оңтүстік-Шығыс шағын ауданын қоса алғанда, Астананың газдандырылған аудандарына барды. Мамандар үйлердегі газ жабдықтарына тексеру жүргізіп, тұрғын үй иелерінің үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шарттарының бар-жоғын тексерді.

QazaqGaz сонымен қатар газ анализаторларын — газдың ағып кетуін анықтайтын және қауіпті жағдайды дәл уақытында алдын алуға мүмкіндік беретін, рұқсат етілген концентрациядан асқан кезде сигнал беретін аспаптарды орнатуды ұсынады.

Үй ішіндегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсету үшін мамандандырылған ұйымдармен қолданыстағы шарттардың бар-жоғын тексеру маңызды. Білікті мамандар жыл сайын құбырлардың, жабдықтар мен крандардың корпусының тұтастығын, қосылыстардың тығыздығын тексеріп, оттықтар мен мұржаларды тазалап, басқа да қажетті қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуі керек.

«Біз газ анализаторының дұрыс жұмыс істеуінің маңыздылығын түсіндіреміз және ішкі газ жабдықтарын техникалық қызмет көрсету бойынша мамандандырылған компаниялармен келісімшарттардың бар-жоғын тексереміз. Мұндай келісімшарттар жыл сайын жаңартылуы тиіс. Келісімшарт жасалған қызмет көрсету ұйымы жылдық маусым алдында үйлердегі газ жабдықтарының жағдайын тексеруі қажет», – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы апаттық қызметінің маманы Талғат Сидаков.