Қалада инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жалғасуда. Газға Қызылжар-2 тұрғын алабы қосылды: бірінші кезеңде – 265 абонент. Келесі жылы жобаның екінші кезеңін іске асыру жоспарлануда. Бұл кезең "Қызылжар-2" шағын ауданының қалған бөлігін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, қалада тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ететін бесінші автоматты газ тарату станциясының құрылысына дайындық жүруде.

Жалпы, 2025 жылы Шымкент қаласының тұрғын алаптарын газдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 5 нысанға газ беру қамтамасыз етілді. Тиісті қадам арқылы 3 474 абонент көгілдір отын қолжетімді болып отыр. Бұл Достық, 3-кезек, Жұлдыз, Жалын, Қарабастау, Тұран мен Қайтпас арасында, Қызылжар 2 тұрғын алаптары мен шағын аудандары. Салынған газ құбырының жалпы ұзындығы 95,8 км құрады.

2024 жылдың соңында "QazaqGaz Aimaq" АҚ Шымкент өндірістік филиалы қыш бұйымдар шығаратын "Wan Sheng Ceramic" ЖШС қытайлық инвесторына жылдық тұтыну көлемі 30 млн текше метрден астам тауарлық газ көлемін жеткізуді бастады. 2025 жылдың 10 айында тұтыну көлемі 26 млн м3, сағаттық шығыны 3500-4000 м3/сағ межеледі.

2025 жылы Шымкент қаласы бойынша газбен жабдықтау жүйесіне 42 өнеркәсіптік нысан қосылып, оның ішінде ауданы 200 га аумақта орналасқан "ALSERA KZ" ЖШС жылыжай кешенін атап өтуге болады. Газ тұтынудың болжамды жылдық көлемі 100 млн м3, сағаттық шығын 2000-3500 м3/сағ.

2025 жылы Шымкентте барлығы 10 588 газбен қамтамасыз ету жүйесіне қосылса, мұнда өнеркәсіптік нысандар – 42, коммуналдық-тұрмыстық сектор – 323, тұрмыстық тұтынушылар – 10 223 болуда.