"QazaqGaz" ҰК " АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов ҚХР-на іссапар аясында CNOOC International Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнцземен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында газдың ресурстық базасын ұлғайту, геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру және салаға озық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
QazaqGaz компаниясы сындарлы диалогқа, геологиялық әлеуетті бірлесіп талдауға және ынтымақтастықтың ықтимал модельдерін талқылауға ашық екенін атап өтті.
Президенттің тапсырмасын орындау аясында ұлттық компания іздестіру-барлау жобаларын жандандырып, елдің ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға күш салуда. Тараптар өзара іс-қимылдың әртүрлі форматтарын, соның ішінде халықаралық әріптестердің перспективалы жобаларға қатысуын талқылады.